«Жүзден жүйрік» клубы
«Жүзден жүйрік» клубы
 
 «Жүзден жүйрік» клубы студенттердің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, бос уақытын өзінің ой өрісін дамытуға тиімді пайдаланып, білімдерін жан-жақты толықтыра түсуіне мүмкіндік жасалады. Студенттердің бойындағы қабілеті  шыңдалып, өз еркімен шығармашылық қызығушылығы артып, жас буын дарынның тілге, білімге деген құштарлығы артады.
Елін, жерін, тілін ардақ тұтып оған адал азамат болып шығуына ықпал жасалады. Студенттерге халқымыздың салт-сана, әдет-ғұрып, озық дәстүрлерін, жалпы бүкіл адамзат қастерлейтін асыл қасиеттері насихатталады.
 
Клуб жетекшісі – Құрманаева Ақмарал Жұмаділлақызы ұялы тел:87769357700
Клуб қызметінің мақсаты:
Қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеу және студенттердің коммуникативтік қабілеттерін дамыту.
Негізгі міндеттері:
  • қазақ тілін меңгерудің кәсіби деңгейін және болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту, жаңа заман мамандарын даярлау;
  • студенттердің қазақстандық патриотизмі мен ұлттық құндылықтарын қалыптастыру;
  • ұлт болашағы үшін жауапкершілік алатын рухани-адамгершілік құндылықтары бар азаматтарды тәрбиелеу;
  • шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • білім деңгейін тереңдету, ғылыми, мәдени сауаттылықты арттыру;
  • креативті, идеялық-эстетикалық көзқарасты қалыптастыру.
  • түрлі іс-шаралар өткізу арқылы жастарға танымдық көзқарасты қалыптастыру;
  • жастарды мәдениетке баулу, рухани байлыққа жәрдемдесу, іскерлік дағдыларды қалыптастыру;
  • еркін ойлауды, өз ойын ашық білдіруді, айналасындағыларға құрметпен қарауды, қазақ көркем-әдеби тілінде сөйлеуді дамыту.
 
Актив отырыстарын өткізу орны : Онлайн,  ZOOM арқылы;
Актив отырыстарын өткізу уақыты: сағат: 15.00;
Кезеңділігі: айына 1 рет.
 
2020-2021 оқу жылына арналған «Жүзден жүйрік» клубының жоспары
 
 
Іс-шара
Іс-шара форматы
күні
1
Клуб мүшелерінің құрамын бекіту. Белсенді студенттерді таңдау
Белсенді студенттердің отырысы
 
қыркүйек
2
Сайтты жаңарту. Әрбір іс шараны өткізгеннен кейін ақпаратты орналастыру.
ҚазБСҚА сайты, «СиА» гезеті
қыркүйек-маусым
3
 Қазақстан халқының тілдері  күні
бейнежазба
қазан
4
«Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қалаушы Ұлы Дала ұрпағымыз» 
бейнежазба
патриоттық әндер кеші
қараша
5
«Таланттыларды іздейміз» жаңа буын арасында жүргізушілер, мәнерлеп оқу, әдеби қойылымдар сайысы 
поэзия кеші
бейнежазба
қараша
6
  «Мемлекет және Президент»
(ҚР Тұңғыш Президент күні)
Жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу жобасы
 
бейнежазба
желтоқсан
7
«Тіл - біздің байлығымыз»
бейнеролик
поэзия кеші
ақпан
8
«Мың алғыс» қайырымдылық шарасы
қайырымдылық шарасы
бейнеролик
наурыз
9
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы
бейнежазба
наурыз
10
«Қозы көрпеш Баян сұлу» күніне арналған музыкалық кеш
бейнежазба
сәуір
11
1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі
бейнежазба
мамыр
12
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні
бейнежазба
мамыр