ҚазБСҚА Спортклубы
ҚазБСҚА спортклубы 2001 жылы құрылып, жалпы жаратылыстану-ғылыми дайындық факультетінің құрылымдық бөлімшесі болды, қазір ЖБПФ-не қарайды. Спорт клубының нұсқаушысы, ассоц. проф. семсерлесуден КСРО СШ Югай Инна Владимировна
Академияның өсіп келе жатқан танымалдығы мен қажеттілігін ескере отырып, ҚазБСҚА Президенті Ә. А. Құсайыновтың басшылығымен кредиттік негізде инновациялық оқыту енгізілді, ол дене шынықтыру сабақтарының базалық көлемін ғана емес, спорттың 11 түрі бойынша секциялық жұмыстарды да көздейді.
Қамқоршылық кеңес Спортклубтың дамуына үлкен көңіл бөледі, өйткені Академиядағы студенттердің денсаулығы мен оқыту сапасы осыған байланысты.
2011 жылы соңғы заманауи технологиялар бойынша спорт залына күрделі жөндеу жүргізілді.
Жеңімпаз студенттер алған орындарына байланысты Стипендиялар түрінде марапатталады.
Студенттердің дене тәрбиесі мен спорттық дайындығына үлкен көңіл бөлінеді. Дене тәрбиесі курсы барлық факультеттердің оқу бағдарламасына енгізілді. Дене шынықтыру және спорт сабақтары денсаулықты нығайту, жан-жақты дамыту және спорттық жетілдіру үшін ғана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби қызмет үшін кәсіби-қолданбалы дене дайындығы дағдыларын меңгеру, сондай-ақ дене шынықтыру жаттығулары мен спортпен тұрақты шұғылдануға қажеттілікті қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Дене шынықтыру және спортпен айналысу ЖОО-ның спорт базаларында өтеді. Олардың арасында-стадион, спорт кешені, теннис корты, сондай-ақ корпустардың спорт кешендері бар. Дене бітімі жағынан даярланған студенттер спорттың әр түрі бойынша спорт секцияларында айналыса алады. Әр түрлі дене дайындығы мен денсаулық жағдайына сай келетін сауықтыру секциялары шеңберінде жастар арасында қажетті дене шынықтырудың әртүрлі жүйелері бойынша сабақтар ұйымдастырылады.