English Club

«English Club» Студенттер клубы бакалавриат студенттері мен колледж оқушыларынан құралады, оған жалпы білім беру пәндері факультетінің ағылшын тілі оқытушылары және Қазақ бас сәулет-құрылыс акаде-миясының жанындағы колледж оқытушылары басшылық етеді. Бірлестік тіл ортасын қалыптастыру, ақпарат алмасу және біздің академия мен колледж оқушыларының ағылшын тілін білу деңгейін арттыру мақсатында құрылған. Клуб оқу жылының басында факультет деканы бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс істейді. «English Club» аясында түрлі іс-шаралар өткізіледі: қызықты адамдармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, викториналар, конкурстар және т.б. Студенттер мен оқушылар барлық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге үлкен қызығушылықпен қатысады

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР:

  • өз күшіне сенімсіздігін бұзу
  • аудиторияда қолайлы жағдай жасау, тілді үйренудің бастапқы кезеңінде туындайтын қателерден қорықпауға, тіл ұстанушылармен еркін сөйлесуге үйрету.

КЛУБ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ:

  •  студенттер мен оқушылардың тек сұранысын ғана емес, сондай-ақ психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін құру
  • ағылшын тілінде ойлауды бастау, өз ойларын білдіру, оқылған және естілгенді жақсы түсіну мүмкіндігін беру
  • шетелде, оқуда, жұмыста және күнделікті өмірде өзіне деген сенімділік сезімін нығайтуға көмектесу
  • ағылшын тілінде сөйлеу мен жазуды практикалық меңгеруді қамтамасыз ету.

 

«ENGLISH CLUB»  ІС-ШАРАЛАРЫ

2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫ

Жұмыстың мазмұны

Іс-шара форматы  

Өткізу уақыты

Фото

1

Клубтың кіріспе сабағы. Танысу

Актив отырысы

қыркүйек

https://cloud.mail.ru/public/D5wN/5x7bgjDvY

2

Тілдер апталығы

Мәнерлеп оқу сайысы

қазан

https://cloud.mail.ru/public/5hd9/3gPKWkP9D

3

Мерекелеу ерекшеліктері. Thanksgiving Day

Викторина-конкурс

қазан

https://cloud.mail.ru/public/5wq9/5kk9rKmrZ

4

«What I know about Kazakhstan?» викторинасы

Викторина-ойын

қараша

https://cloud.mail.ru/public/3s9h/4MW3C5MZo

5

«How Well do you know English  speaking countries?»

Викторина

желтоқсан

https://cloud.mail.ru/public/D5wN/5x7bgjDvY

6

 «Royal British People Family»

Викторина

ақпан

https://cloud.mail.ru/public/5zUB/2GbSxrVFh

7

«Алғыс айту - асыл қасиет»

Қайырымдылық акциясы

наурыз

https://cloud.mail.ru/public/3q4M/4MPkquE4A

8

«The UK Ұлыбританияға саяхат»

Дөңгелек үстел

наурыз

https://cloud.mail.ru/public/4b9F/2U2xLsBVE

9

«Қозғалыс - бұл өмір!»

Видеоролик

сәуір

 

10

 «Абай. 175 жыл»

Видеоролик

мамыр

https://www.facebook.com/Kazgasaofficiall


19.09.2020ж. ЖБПФ қауымдастырылған профессор С. К. Беркімбаеваның басшылығымен "British Royal Family" тақырыбында онлайн-семинар өткізілді. Семинар жұмысына "Сәулет", "Құрылыс", "Дизайн" мамандықтары бойынша 1, 2 курс студенттері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты. Бұл семинар ауызекі сөйлеу дағдыларын, тілді білудің жалпы деңгейін арттыру, жаңа тілдік құрылымдарды игеру, белсенді сөздік қорын толықтыру, ағылшын тілінде сөйлесу тәжірибесін алу, пікірлестермен кездесу мақсатында "English Club" клубының жоспары бойынша өткізілді.

"English Club" сабақтан тыс барлық жұмысты осы клуб шеңберінде ағылшын тілі бойынша шоғырландыруға мүмкіндік береді. Клубтағы сабақтар ағылшын тілінің тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынастың әмбебап құралы ретіндегі рөлін, ағылшын тіліне, онда сөйлейтін халықтардың мәдениетіне оң көзқарасты түсінуге көмектеседі. Лингвистикалық білім алу, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің мәдениеті, болмысы мен дәстүрлері туралы білім қалыптастыру жалғасуда. Студенттер жобалық жұмыс, пікірталастар мен дебаттар; "Kahoot" платформасындағы онлайн-викториналар сияқты танымдық іс-әрекеттің әдістерін игеру барысында шығармашылық және іздену жұмыстарында тәжірибе жинайды.